Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу

Қисынды-қисынды емес

Біздің өміріміз парадокстерге толы. Мысалы, біз қисынды ойлауды жақсы көреміз. Бұл - барлығы бақылауымыздың астында деп ойлауымыз үшін маңызды. Мысалы, ырымшылдық, бал ашу. Бұл өткен жағдайды түсіндіру тәсілі болып табылады, өйткені түсініксіз әлемде өмір сүру өте қорқынышты. Бірақ ойдың қисындылығына қарамастан, біз жиі қисынды емес әрекет етеміз.

Осындай әрекеттердің бірі болашақ мамандық пен оқу орнын таңдау болып табылады. Көптеген адамдар, әсіресе IT-мамандары, басқа бағыттарда оқыған колледжден немесе университеттен кеткені жөнінде айтуды жақсы көреді. Олардың кейбіреулері Билл Гейтс, Стив Джоббс және тағы да басқа атақты тұлғалар дәл солай жасады деп, өздерін ақтайды. Бірақ, оқуды миллиондаған адам тастап кеткенімен, олардың арасында табысқа жеткендері санаулы екенін түсіне білу керек.

Барлық жағдайларды білетін және оларды ескеретін адамдар аз. Мысалы, Гейтстің өте керемет ата-анасы болды, ал Джоббс  Возняктің көмегінсіз жетістікке жетпес еді. Гейтс пен Джоббс сүйікті ісімен айналысу үшін оқуды тастап кетті. Мүмкін, олар оқу бағдарламасын дұрыс таңдаған немесе ата-анасының қысымымен түскен шығар.

Бірақ Возняк өмір бойы сүйікті іспен айналысты. 4-ші сыныпта ол радиоәуесқойдың лицензиясын алды, ал 8-ші сыныпта калькуляторды жинап, қалалық конкурсты жеңіп алды. Шынымды айтсам, ол да оқуды аяқтамады, бірақ оның себебі - ақшаның жетіспеушілігі.

Үшеуі де – атақты тұлға екендігімен келісесіздер деп ойлаймын. Сонымен қатар, олардың жолы болды. Бір мезгілде атақты және жолы болғыш болу – өте қиын. Ал бізге - қарапайым адамдарға - қалай әрекет ету керек?

Бұның жауабы өте қарапайым - өзінің күшті жақтарын ескере отырып, болашақ мамандықты таңдау, таңдаған мамандық туралы алдын ала ақпаратты зерделеу және оқу орны туралы көбірек білген жөн.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

2020 ж. 10 маусым
Қисынды-қисынды емес

Біздің өміріміз парадокстерге толы. Мысалы, біз қисынды ойлауды жақсы көреміз.

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Ми біздікі ме?

 «Менің миым...», «бүгін менің миымен бірнәрсе болып тұр...» немесе осындай сияқты сөздерді сіз қолданып көрдіңіз бе? Осындай сәтте біз ми туралы, аяқ, асқазан, тырнақ және т.б. дене бөлігі ретінде айтамыз. Сонда біз кімбіз?

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Кәсіпқой маман дегеніміз кім?

Мамандықты өзіңіздің мықты жақтарыңыздың негізінде таңдаған дұрыс екені жөнінде бұдан бұрын айтылған болатын. Бірақ, ең бастысы - жақсы оқу орнын таңдау деген пікірлермен қалай санасуға болады?

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Ересек өмірдің басталуы

Ересек өмір әр адамда әр түрлі басталады. Бірақ оның барлығы үшін ортақ ерекшелігі – ол өзіне және өз өміріне жауапкершілік.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7(701)782-53-32
+7(701)782-53-32
Қарағанды қ, С.Мұқанов көшесі 3 Мекен-жайды картада көрсету
https://kbk.mycollege.kz/