Біз туралы

 

Қарағанды Банк колледжі – тамыры тереңге жайылған облысымыздың жетекші оқу орынының бірі. Тарихы сонау 1976 жылдан бастау алатын бүгінгі оқу орны,   есеп-несие техникумының КСРО мемлекеттік банк негізінде құрылған. 45 жыл білім беру нарығындағы  еңбек жолында экономиканың әртүрлі саласында  40 мыңнан астам  мамандар даярлады.

Колледжде толыққанды, сапалы әрі тиімді білім беру үрдісіне барлық жағдай ұйымдастырылған. Бухгалтерлік  пен салық есебін жүргізу үшін кез-келген кәсіпорын қолданатын «1С: Бухгалтерия» лабораториясы,  ең танымал технологиялық платформа «1С:  Бухгалтерлік есептің автоматтандырылу нұсқасы 8:3» және «Қазақстан үшін Бухгалтерия» конфигурациясына негізделеді.

Колледж негізінде  студенттерге өз бизнесін бастауда кәсіпкерлікті жүргізудің заңды негіздерін, маркетингті, кадрлық менеджментті, сондай-ақ әр түрлі бизнес-инкубатор бағдарламаларына қатысуға, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға көмектесетін «Бизнес мектебі» жұмыс жасайды. Сонымен қатар,   бизнес-инкубатор бағдарламаларына, бизнес-жобаларына қатысу арқылы  гранттар алады және өздерінің бизнес-идеяларын сату нәтижесінде  алғашқы экономикалық пайда түсіреді.

Колледж оқытушылары мен студенттері оқу орнынан тыс үлкен мәртебеге ие болған    көптеген іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Жыл сайын облыс деңгейінде «Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін» атты дайын өнімдер жәрмеңкесін,  «Екі жұлдыз» ән байқауын, «Жастардың шағын бизнесі» атты олимпиадасын  өткізеді.

Жылдан жылға колледжде белсенді, жан-жақты және шығармашыл жастардың саны артып, «Жігер» жастар алқасының мүшелерінің саны артуда. Жастар алқасы жұмысының аясында ерікті болуға, дебат клубтарына деген қызығушылық белең алуда. «Мейірімділік лигасының» еріктілері өз қызметін сәтті жүзеге асыруда, оның құрамына бүгінде 235 колледж студенттері кіреді. Осы жылдар аралығында көптеген игі істер жасалды.

Білім алушылардың студенттік өмірі қызыққа толы. Әр түрлі клубтар мен үйірмелерге, пәндік олимпиадаларға, ғылыми-теориялық әрі практикалық конференцияларға, көптеген мәдени және спорттық сайыстарға белсене қатысады.

Ең алғаш  практикалық тәжірибені студенттер серіктес кәсіпорындар базасында өндірістік іс-тәжірибе кезінде алады.  Облысымыздың кәсіпорындары мен ұйымдары  тек мамандыққа  көңіл аударып қана қоймай, колледжішілік олимпиадаларға, мастер-класстарға  қонақ ретінде келіп, жылы лебіздерін білдіріп те кетеді. Осы нәтижелердің арқасында жұмыс беруші ретінде студенттердің білім деңгейін саралап әрі өзіне болашақ білімді, сауатты  мамандар ретінде жұмысқа шақыру мүмкіндігі туып жатады.

Біздің колледж еңбек нарығында сұранысқа ие 13 мамандық бойынша мамандарды даярлайды. Бүгінгі күні 9-сынып бітірушілері 11-сыныпқа қалмай, колледжден білім алуды таңдайды.  

Колледжде кез-келген мамандықты игеріп шығуға болады – кассирден STARTUP маманына дейін. Сапалы базалық білім мен еңбек нарығына бейімделуге кепілдік береді.

Колледжде үнемі жұмысқа орналасу мониторингі жүргізіледі, соның нәтижесінде табысты мансаптың өсуін де қадағалап отырады. Соңғы 3 жылда өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылған түлектер  санының айтарлықтай өсуі байқалады (шамамен орташа алған студенттердің 86% бос емес, 72% жұмыспен қамтылған).

Мынандай құжаттар талап етіледі:

1. Білімі туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);

2. 075-у флюроснимка қосымшасымен дәрігерлік анықтама;

3. Жеке басының куәлігі немесе тууы туралы куәлік (түпнұсқа, көшірме);

4.3х4 көлемді 6 фотосурет.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 100026,

Қарағанды қ,  С.Мұқанов көшесі 3

(103 кабинет) Тел: 77-01-78, 77-01-73

8(701)782-53-32 8(700)953-28-78 8(700)953-57-47

E-mail: priem_kfi@mail.ru

Instagram www.instagram.com/kbc_krg/ @kbc_krg

Сайт: www.karbc.kz 

 

 

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінімді қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Сақтандыру агенті

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Іс қағаз жүргізушісі

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Web дизайнер

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:

Бухгалтер-кассир

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Офис-менеджер

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Несие агенті

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Әкімші

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Туристiк агент

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:

Менеджер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Мұрағатшы

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Техник-технолог

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Бухгалтер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Ақпараттық жүйелер технигі

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Заңгер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі

Банк операциялары жөніндегі менеджер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Бағалаушы-технигі

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Техник-статистик

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:

Қонақ үйдің оперативті менеджері

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:

Туризм менеджері

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:

Өрт қауіпсіздігі технигі

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2021 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:
Барлық бағдарламалар (21)

Сурет пен бейне

Барлық медиа
2021 ж. 21 шілде

Классный колледж) обучалась тут, после окончания работала, в ВУЗе обучалась, но не жалела что тут училась😊

Бізді қалай таба аласыз

+7(701)782-53-32
+7(701)782-53-32
Қарағанды қ, С.Мұқанов көшесі 3 Мекен-жайды картада көрсету
https://kbk.mycollege.kz/