Архивист мен музей қорғаушылары архивтік материалдарды, материалдық мәдениет заттарын және тарихи, мәдени, әкімшілік және көркемдік қызығушылық тудыратын жазбаларды, сондай-ақ өнер заттары мен басқа да объектілерді жинақтайды, бағалайды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар тарихи құнды жазбалар мен құжаттарды қауіпсіз сақтау жүйесін жоспарлайды, жобалайды және жүзеге асырады.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
- әкімшілік, тарихи, заңды, дәлелді және басқа да мақсатта жазбаларды бағалау және сақтау;
- жинақталған материалға сілтегіштерді, библиографияларды, микрофильмдер көшірмелерін және басқа да анықтамалық материалдарды дайындау немесе басшылыққа алу және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
− мәдени және көркемдік қызығушылық тудыратын материалдар мен объектілердің пайда болуын, таралуын және қолданылуын зерттеу;
− көркем, мәдени, ғылыми немесе тарихи маңызы бар заттар жинағын ұйымдастыру, толықтыру және қызмет көрсету;
− музейлер мен көркем галереялардың коталогтар жиынтығы мен жіктемелерін құрастыру немесе басшылыққа алу, сондай-ақ көрмелерді ұйымдастыру;
− ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, үкіметтік құжаттар, жеке қағаздар, фотосуреттер, карталар, қолжазбалар және аудиовизуалды материалдар сияқты тарихи маңызы бар және құнды құжаттарды бағалау, ұйымдастыру және сақтау;
− ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындау;
− архивтер мен электрондық жазбаларды компьютерлік басқаруды жоспарлау және іске асыру;
− музейлер мен көркем галереяларда көрмелер ұйымдастыру, экспонаттарды жарнамалау және жалпы, арнайы немесе білімге деген қызығушылық танытатын экспонаттардың көрсетілімдеріне арнайы витриналар ұйымдастыру;
− зерттеушілік мақсатында архив жиналысын құру және оны дамыту үшін архивтік материалдарды бағалау және сатып алу.
Жалақысы біліктілігіне, аймағына және жұмыс орнына байланысты. Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 60-80 мың теңгені құрайды.
Архивисттердің негізгі мақсаттары мен міндеттері — елдің құжаттық байлығын жинақтап, сақтап қалу және оны халық пен мемлекеттің мүддесіне пайдалану. Архивтің бейініне қарай оның қызметкерлері тарихи білімінің белгілі бір саласында (саяси тарих, әскери тарих, халық шаруашылығы тарихы, әдебиет, өнер) және хронологиялық кезеңінде маманданған.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.
Осы біліктілік бойынша маманның бойында мынадай жеке қасиеттер: жұмыстағы ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік, зейіннің шоғырлануы, табандылық, құжаттамамен жұмыс істеуге бейімділік, ауқымды ақпаратты талдай алу және жүйелей алу қабілеті болуы керек. Тек ауызша ғана емес, жазбаша да таза әрі сауатты сөйлей алуы маңызды.
Бұл мамандықтың артықшылығы - кәсіби және жеке қасиеттерді дамыту әрі жетілдіру, біліктілік деңгейін арттыру, қалыпты жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігінде.
Медициналық қарсы көрсеткіштері бар (көз аурулары, жүйке жүйесі, аллергия).
Жас маман архивтік материалдарды үнемі бақылау кезінде және оларды өңдеу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Архивистің жұмысы айтарлықтай күрделі.
Мамандар мемлекеттік және жеке архивтерде, музейлерде жұмыс істей алады.