Қарағанды Банк колледжі – облысымыздың жетекші оқу орынының бірі. Колледжде толыққанды, сапалы әрі тиімді білім алу үшін барлық жағдай ұйымдастырылған. Колледжде оқу үдерісін толыққанды, сапалы және тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «1С: Бухгалтерлік есеп» платформасы және бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізу үшін әрбір кәсіпорын пайдаланатын «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп» конфигурациясы қолданылады. Колледж базасында колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және өз ісін ашуға көмектесетін «Бизнес мектебі» жұмыс жасайды.
Колледж студенттері белсенді студенттік өмір сүреді, колледжде жұмыс істейтін үйірмелерге, пәндік олимпиадаларға, ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларға, түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық бағыттағы жарыстарға белсене қатысады. Қарағанды облысы студенттерінің вотлонтерлер қозғалысына белсене атсалысады. Колледж оқытушылары мен студенттері оқу орнынан тыс, аймақтық мәртебеге ие болған көптеген іс-шараларға қатысуда: «Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін» дайын өнім жәрмеңкесі, «Екі жұлдыз» музыкалық байқауы. , «Жастар – шағын бизнеске» олимпиадасы.
Білім алушылардың студенттік өмірі қызыққа толы. Әр түрлі клубтар мен үйірмелерге, пәндік олимпиадаларға, ғылыми-теориялық әрі практикалық конференцияларға, көптеген мәдени және спорттық сайыстарға белсене қатысады. Жылдан жылға колледжде белсенді, жан-жақты және шығармашыл жастардың саны артып, «Жігер» студенттік парламентінің саны артуда. Студенттік парламент жұмысының аясында ерікті болуға, дебат клубтарына деген қызығушылық белең алуда. «Мейірімділік лигасының» еріктілері өз қызметін сәтті жүзеге асыруда, оның құрамына бүгінде 235 колледж студенттері кіреді. Осы жылдар аралығында көптеген игі істер жасалды.
Облысымыздың «Қазпочта» АҚ, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды қаласының бағалаушылар палатасы, Қазақстан бухгалтерлері мен салық төлеушілер қауымдастығы, көптеген коммерциялық банктер, бағалау және аудиторлық компаниялар секілді ірі кәсіпорындары колледжіміздің әлеуметтік серіктестері болып табылады. Облыс кәсіпорындарымен барлығы 60-қа жуық ынтымақтастық келісім-шарттары бар. Колледж еліміздің жетекші университеттерімен тығыз байланыста. Кәсіпорындармен және жоғары оқу орындарымен әлеуметтік серіктестікті дамытудың арқасында колледжде түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары көрсеткіштерге ие. Биылғы жылы жұмыспен қамту деңгейі 72 пайызды құрады.
Біздің колледж еңбек нарығында сұранысқа ие 10 мамандық бойынша мамандарды даярлайды. Бүгінгі күні 9-сынып бітірушілері 11-сыныпқа қалмай, колледжден білім алуды таңдайды. Колледжде кассирден бағдарлама әзірлеушіге дейін мамандықты игеріп алуға болады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік негізде оқып, колледжде ТЕГІН білім алу мүмкіндігі бар. Студенттің үлгеріміне қарай шәкіртақы төленеді.
Колледжге түсу үшін келесідей құжаттар талап етіледі:
1. Білімі туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
2. 075-у флюроснимка қосымшасымен дәрігерлік анықтама;
3. Жеке басының куәлігі немесе тууы туралы куәлік (түпнұсқа, көшірме);
4.3х4 көлемді 6 фотосурет.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 100026,
Қарағанды қ, С.Мұқанов көшесі 3
(103 кабинет) Тел: 77-01-78, 77-01-73
8(701)782-53-32 8(700)953-28-78 8(700)953-57-47
E-mail: priem_kfi@mail.ru
Instagram www.instagram.com/kbc_krg/ @kbc_krg
Сайт: www.kbkcollege.edu.kz
www.karbc.kz
Толығырақ